Әдеби мұра – ұлттың рухани темірқазығы

жарлығы аясында ел көлемінде ұлттық әдеби мұраны насихаттау мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы бастама аясында қазақ әдебиетінің жауһар туындылары – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран», Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр», Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй», Дулат Исабековтің «Қарғын», Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармалары көпшілікке ұсынылып, оқырман қауымның рухани дүниесін байытуға ерекше үлес қосуда.

Кітап – ұлттың рухани қазынасы, ал кітап оқу мәдениеті – зерделі қоғамның берік негізі. Әрбір оқылған шығарма – ұлттық құндылықтарды тануға, ой-өрісті кеңейтуге және саналы ұрпақ қалыптастыруға бастар маңызды қадам.