СПОРТ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

   Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке – дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттың қоғамдағы маңызын дәріптеуге арналған айтулы күн. Халық даналығында «Бірінші байлық – денсаулық» делінеді. Сондықтан спорт – тек жеңістің ғана емес, сапалы өмірдің, жігер мен тәртіптің негізі.

   Осы мерекеге орай Қызылорда ашық университеті спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру саласының мамандарын және салауатты өмір салтын ұстанатын барша қауымды Спорт күнімен шын жүректен құттықтайды! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз. Спортқа деген қызығушылық артып, еліміздің абыройын асқақтататын жетістіктеріңіз көп болсын!