Қызылорда ашық университетінің жаңа оқу ғимараты ашылды

   1 қыркүйек – Білім күніне орай Қызылорда ашық университетінде салтанатты жиын өтіп, білім ордасының жаңа оқу ғимаратының ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Заманауи ғимарат студенттерге сапалы білім алуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға және кәсіби дамуына қажетті жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

   Бүгінде университетте 25 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, білім беру сапасы халықаралық талаптарға сай жетілдірілуде. Ғылыми әлеуеті жоғары профессор-оқытушылар құрамы студенттердің ізденісіне бағыт-бағдар беріп, ғылым мен білімді ұштастыруға жағдай жасауда. Сонымен қатар, шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатылып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы білім алушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілуде.

   Жаңа оқу ғимаратының ашылуы – университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, білім алушыларға қолайлы академиялық орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама білім сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті дамытуға және өңірдегі жоғары білімнің жаңа деңгейге көтерілуіне бағытталған.