«Кітап оқитын ұлт» — кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын марафон

Қызылорда ашық университеті «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында білім алушыларды әдеби шығармаларды оқуға, кітаппен жақын болуға және тұрақты оқу дағдысын қалыптастыруға шақырады.

Марафонға қатысушыларға қазақ және орыс тілдеріндегі арнайы әдебиеттер тізімі ұсынылған. Тізімдегі шығармаларды Ұлттық электронды кітапхана — kazneb.kz, серіктес цифрлық платформалар, сондай-ақ мектеп, қалалық және облыстық кітапханалардан табуға болады.

Қажетті кітапты бірден таба алмасаңыз, алаңдамаңыз! Жадынамада кітаптарды қайдан және қалай іздеуге болатыны, электронды және баспа нұсқаларына қол жеткізу жолдары, сондай-ақ тиімді оқу бойынша пайдалы кеңестер қамтылған.

Кітап оқу — білімге бастар жол ғана емес, ойлау мәдениетін қалыптастыратын құндылық.

Толық ақпаратпен танысып, марафонға белсенді қатысыңыз!