Адам құқықтарын қорғау бағытындағы ынтымақтастық нығая түсті
Оқу орнымызда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту бағытында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Байқадам АлиИслам Вадимұлы арнайы қатысты.
Жиын барысында жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мәдениетті дамыту және студенттердің құқық қорғау бастамаларына белсенді қатысуы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ университет пен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында құқықтық-ағартушылық іс-шаралар, кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, жастардың құқық қорғау белсенділігін арттыру және адам құқықтары саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бұл бастама – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
