«Жаңа конституция — жаңа азаматтық мәдениет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
Қызылорда ашық университетінде білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Конституцияның қоғамдағы маңызын терең түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Жаңа Конституция — жаңа азаматтық мәдениет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында Конституцияның ел өміріндегі орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі, қоғамдық жауапкершілік және заманауи азаматтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Білім алушылар тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысып, ел болашағына деген азаматтық көзқарастарымен бөлісті.
Ашық тәрбие сағатына Ср-25-1, Ср-26-1, Эк-26-1, Гму-26-1, Уиа-26-1 топтарының білім алушылары қатысты. Тағылымы мол тәрбие сағаты жастардың елжандылық сезімін нығайтып, құқықтық санасын арттыруға және қоғамның белсенді, жауапты әрі саналы азаматы болуға ұмтылысын қалыптастыруға бағытталды.
