Қызылорда ашық университетінде «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында ашық сабақтар өтілді.
Танымдық сабақтар ЭН-26-1, НД-26-1, ВТИПО-26-1, КДР-26-1, Ю-26-1-3 оқу топтарында ұйымдастырылды.
Сабақ барысында білім алушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және құқықтық сауаттылықтың мәні түсіндірілді. Тақырып аясында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, Конституцияның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі жөніндегі білімдерін толықтырды.

