Жаңа Конституция - жаңа азаматтық мәдениет

Қызылорда ашық университетінде Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Жаңа Конституция - жаңа азаматтық мәдениет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабаққа ПМНО-26-1, ПиП-26-1, ПО-26-1, ИИиЧ-26-1 оқу топтарының білім алушылары қатысты.

Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ жас ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігі туралы мазмұнды пікір алмасу жүргізілді.

Студенттер тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысып, құқықтық білімдерін толықтырды.

Құқықтық мәдениеті қалыптасқан, жауапкершілігі жоғары азамат - ел дамуының берік негізі.