КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Қызылорда ашық университетінің білім алушысы Мұса Азиз каратэден өткен республикалық жарыста І орын иеленіп, чемпион атанды!

Университетіміздің ФКиС-26-3 оқу тобының білім алушысы Мұса Азиздің бұл жетістігі — табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының, спортқа деген жоғары жауапкершілігі мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Білім алушының жетістігіне оқу тобының эдвайзері Жайна Елубайқызы да қолдау көрсетіп келеді.

Мұса Азизді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр жарыста биіктен көрініп, көк туымызды көкке көтеретін жеңістерің көп болсын!