PLATONUS ACADEMY жүйесі бойынша оқыту өткізіледі

Қызылорда ашық университетінде білім беру үдерісін цифрландыру және ақпараттық жүйемен тиімді жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Platonus Academy» жүйесі бойынша оқыту ұйымдастырылады. Оқыту 2026 жылғы 17–18 қыркүйек күндері өткізіліп, локалдық әкімші, оқытушы және тыңдаушы кабинеттерінің негізгі мүмкіндіктері таныстырылады.

Оқыту барысында оқу курстарын құру және басқару, білім алушыларды тіркеу, оқу контенті мен тесттерді орналастыру, бағалау және нәтижелермен жұмыс істеу бағыттары қамтылады. Сонымен қатар, онлайн-прокторинг, сертификаттау, есептер және тесттер банкімен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар қалыптастырылады.