PLATONUS ACADEMY жүйесі бойынша оқытудың екінші күні
Қызылорда ашық университетінде білім беру үдерісін цифрландыру және ақпараттық жүйемен тиімді жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Platonus Academy» жүйесі бойынша оқытудың екінші күні өтті. Оқыту барысында оқытушыларға жүйенің негізгі мүмкіндіктері мен оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған құралдар кеңінен таныстырылып, практикалық бағыттағы мазмұнды ақпараттар берілді.
Екінші күн аясында оқу контентін орналастыру, тесттер мен бағалау жүйесін қолдану, білім алушылардың нәтижелерімен жұмыс істеу, онлайн-прокторинг, сертификаттау және есептерді қалыптастыру бағыттары қамтылды. Оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, жүйемен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгерді.