Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім дайындау бойынша семинар өтті

  Қызылорда ашық университетінде «Инженерлік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD Аленов Қанат Табынұлының ұйымдастыруымен кафедра оқытушыларына арналған «Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім дайындаудың әдістемелік негіздері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар жұмысына университет ректоры Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы арнайы қатысып, ғылыми-зерттеу бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

  Семинар барысында гранттық қаржыландыру конкурстарына ғылыми жобаларды ұсыну талаптары, жобалық өтінімді әзірлеудің негізгі кезеңдері және ғылыми жобаның мазмұнын тиімді қалыптастырудың әдістемелік негіздері кеңінен қарастырылды. Тақырып бойынша «Инженерлік технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының канди­даты Құрманбаев Ғалымжан Бекзулдаұлы және қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты Умбетова Шолпан Мырзабекқызы баяндама жасап, гранттық жобаларды әзірлеу тәжірибесіне негізделген практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

  Ғылыми-практикалық басқосу оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелеуге, гранттық конкурстарға қатысу белсенділігін арттыруға және сапалы ғылыми жобалар әзірлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Семинар аясында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісуге мүмкіндік берілді.