25 ҚЫРКҮЙЕК — ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға орай 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

  Ел тыныштығы мен Отан алдындағы борышын өтеу жолында қаза болған әскери қызметшілердің ерлігіне тағзым етіп, олардың жарқын бейнесін құрметпен еске аламыз.

  Қаралы қазаға байланысты марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

  Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын. Жақындарына Алла Тағала сабыр мен күш-қуат берсін.