Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз — ұлағаттың ұлы тұлғасы» атты мерекелік шара өтеді.
Мерекелік шарада ұстаз еңбегінің маңызы мен мәртебесі дәріптеліп, білім беру саласына еселі еңбек сіңіріп жүрген оқытушылар мен ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Кеш барысында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, олардың кәсіби еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтіледі.
Өтетін күні: 2 қазан 2026 жыл
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: К. Ажарова көшесі, 34А, АКТ залы
