Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді

Қазақстанның ғылым, инновация және жоғары білім саласындағы жүйелі жұмысы халықаралық деңгейде өз нәтижесін көрсетіп келеді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Global Innovation Index 2026 рейтингі бойынша Қазақстан 139 экономика арасында 73-орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 8 позицияға жоғарылады. Еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап, Орталық және Оңтүстік Азия өңірінде 2-орынға ие болды.

Қазақстанның ғылым, инновация, адами капитал және жоғары білім салаларындағы халықаралық көрсеткіштерінің жақсаруы – еліміздегі жүйелі жұмыстардың нәтижесі деп білеміз. Әсіресе білім мен ғылымдағы жетістіктердің халықаралық рейтингтерде көрініс табуы – отандық ғалымдарымыздың, оқытушыларымыздың, зерттеушілеріміз бен жастарымыздың еңбегіне берілген жоғары баға.

Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің жүйелі жұмысы еліміздегі жоғары оқу орындарының дамуына, ғылыми әлеуеттің артуына және білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Қызылорда ашық университеті де осы ортақ үдерістің бір бөлігі ретінде білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуге және студенттердің ғылыми әлеуетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі халықаралық көрсеткіштер — еліміздегі ғылым мен білім саласына жасалып жатқан қолдаудың және осы салада еңбек етіп жүрген мыңдаған маманның табанды еңбегінің нәтижесі.

Осы айтулы жетістікке орай Ғылым және жоғары білім министрлігін, отандық ғалымдарды, оқытушыларды, зерттеушілерді, студенттерді және білім мен ғылым саласында еңбек етіп жүрген барша азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз!