DIGITAL BRIDGE 2026: ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЛАҢЫНДА
Қызылорда ашық университетінің Инженерлік технологиялар кафедрасының оқытушылары Қадір Қолқанат пен Раушанбек Нұрдәулет, т.ғ.к., университет Құрылтайының мүшесі Мұрат Қылышбайұлы Бисеновтің жетекшілігімен 1–3 қазан күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан DigitalBridge 2026 халықаралық технологиялық форумына қатысуда.
Оқытушылар форум жұмысына белсенді араласып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника және заманауи IT шешімдердің өзекті бағыттарымен танысты. Сараптамалық кездесулер мен пікір алмасулар мамандардың жаңа технологиялық үрдістер жөніндегібілімін кеңейтіп, кәсіби тәжірибесін толықтыруға мүмкіндік берді.
Форум аясында университеттің «Ақылбай» роботы да қатысып, өзінің заманауи мүмкіндіктерін таныстырды. Роботтың технологиялық әлеуеті мен функционалдық мүмкіндіктері форумға қатысушылардың назарына ұсынылып, университетте робототехника мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуға ерекше мән берілетінін көрсетті.
Сонымен қатар, форум барысында Unitree компаниясының өкілдерімен кездесу өтіп, робототехника саласындағызаманауи әзірлемелер мен инновациялық шешімдер таныстырылды.
Халықаралық технологиялық алаңдағы тәжірибе алмасу университет оқытушыларына озық технологияларды оқу үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдерін қарастыруға, саладағыжаңа бастамалармен танысуға және кәсіби байланыстардыкеңейтуге жол ашты.