ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті профессор-оқытушылар, ғалымдар мен білім саласының барша мамандары! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз – шәкіртінің таным көкжиегін кеңейтіп, ізденісіне бағыт беріп, елдің ертеңіне қызмет ететін тұлға қалыптастыратын қадірлі маман.

Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп, білім мен тәрбиенің ажырамас ұғым екенін айшықтаса, Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі осы мамандықтың табандылық пен үлкен жүректі қажет ететінін аңғартады.

Сіздерге мықты денсаулық, толағай шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге лайықты құрмет тілейміз! Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі өздеріңізге қуаныш сыйлап, берген білімдеріңіз талай биіктерге бастай берсін. Ұстаздар күні құтты болсын!