Футболдан - жүлделі орын!
Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен Республикалық студенттік футбол лигасының «Qazaqstan Student League» іріктеу кезеңінде Ашық университетінің командасы жүлделі III орынға ие болды. Команда құрамын ФКС-25, ФКС-26-1, ФКС-26-2, Ю-26 және Ю-23 оқу топтарының студенттері құрады. Жарыс барысында студенттер жоғары шеберлік пен командалық бірліктің үлгісін көрсетіп, нәтижесінде жүлделі орыннан көрінді. Команданы жарысқа дайындап, қолдау көрсеткен жетекшілері Әбілқасым Бақытжан мен Әмір Шынболаттың еңбегі де ерекше атап өтуге лайық.
Сонымен қатар, ФКС-26-1 оқу тобының студенті, команда ойыншысы Мұса Ерасыл жарыстың «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Бұл жетістік — студенттердің спортқа деген қызығушылығы мен жігерінің, командалық рухының және футбол бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Ашық университетінің командасын жүлделі орындарымен құттықтап, жетекшілері мен спортшыларға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер және жаңа жеңістер тілейміз!
