«ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ»

Ұстаздар күніне орай Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағаттың ұлы тұлғасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиынды Қызылорда ашық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы ашып, барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кеште білім алушылар ұстаздарға деген құрметін ән, күй, поэзия және театрландырылған көріністер арқылы жеткізіп, көрерменге мазмұнды шығармашылық бағдарлама ұсынды. Өнер көрсетілімдері арқылы ұстаз еңбегінің қадірі мен білім беру саласы мамандарының қоғамдағы орны айқын көрініс тапты.

Кеш аясында Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің бірқатар профессор-оқытушылары мен ұстаздарын марапаттау рәсімі өтіп, кәсіби еңбегі мен белсенділігімен ерекшеленген мамандарға құрмет көрсетілді. Мерекелік бағдарлама студенттердің әсем биімен қорытындыланып, ұстаздарға арналған кеш көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.