️ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қызылорда ашық университетінде НархозУниверситеті Гуманитарлық мектебінің «Әлеуметтікжұмыс» білім беру бағдарламасының жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, қауымдастырылғанпрофессор Италмасова Раушан Балтабаевнаныңқатысуымен мазмұнды академиялық кездесу өтті. Профессор университеттің «Бизнес және құқық», «Педагогика» бағыттарында білім алатын студенттергеәлеуметтік сала, әлеуметтік психология, ғылыми зерттеулерәдіснамасы және әлеуметтік жұмысты ұйымдастырубағыттары бойынша дәріс оқыды.
Оқу барысында өмірлік қиын жағдайға тап болғанотбасылармен, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жәнеәлеуметтік жұмыстың өзге де нысандарымен жұмысжүргізудің заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларыкеңінен қарастырылды. Сонымен қатар мамандардың кәсібиқызметіндегі тиімді коммуникация, әлеуметтік мәселелердіталдау және түрлі әлеуметтік топтармен нәтижелі жұмысжүргізу дағдыларына ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында Раушан Балтабаевна университеттіңпрофессор-оқытушылар құрамына «Әлеуметтік жобалау» тақырыбында арнайы воркшоп өткізіп, әлеуметтікжобаларды әзірлеу мен іске асырудың тиімді тәсілдеріменбөлісті. Академиялық дәріс пен тәжірибелік воркшоп қатысушылардың кәсіби білімін толықтырып, әлеуметтікжұмыс саласындағы заманауи тәжірибелерді зерделеугемүмкіндік берді.

