Қызылорда ашық университеті «МАУСЫМАШАР – 2027» фестиваліне қатысты
Қызылорда қаласында «Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Маусымашар – 2027» фестивалі өтті. Аталған фестивальге Қызылорда ашық университетінің командасы қатысып, жастар арасындағы шығармашылық пен белсенділікті дамытуға бағытталған шараның бір бөлігі болды.
Фестивальге жоғары оқу орындары, колледждер мен облыс аудандарынан 11 команда жиналды. Биылғы маусымның ерекшелігі – қатысушы командаларға маусым бойы қолдау көрсетіліп, қазылар алқасының мүшелері тарапынан бағыт-бағдар беріліп, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасалуы.
Қызылорда ашық университетінің студенттері фестивальге қатысу арқылы өздерінің белсенділігін, ұйымшылдығы мен шығармашылық қабілеттерін танытып, университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып жүрген жастар қатарында екенін көрсетті.

