Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!

Қызылорда қаласының күніне арналған мерекелік шараға Ашық университетінің студенттері де белсене қатысып, қала тұрғындарымен бірге мерекелік көңіл күйді бөлісті.

Мерекелік шара аясында университеттің заманауи роботтары көпшілік назарына ұсынылып, инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл бастама білім мен ғылымның, шығармашылық пен технологияның үйлесімін көрсетіп, қызылордалықтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Жастық жігер мен заманауи технология тоғысқан мерекелік шара студенттер үшін жарқын әсерге толы ерекше күн болды.

Туған қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосу, оның жетістіктеріне ортақтасу – әрбір жас үшін зор мәртебе!

Қала күні құтты болсын, Қызылорда!