Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды
Қызылорда Ашық университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерімен студенттер және бітіруші түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – 2026 жылы оқуын аяқтайтын жас мамандарды мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарымен таныстыру, олардың кәсіби әлеуетін бағалау және қабілетті, бастамашыл жастарды іріктеуге ықпал ету.
Жиынға университеттің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттер мен бітіруші түлектер қатысты.
Кездесу барысында студенттерге Агенттік қызметінің негізгі бағыттары, кәсіби даму мүмкіндіктері, жас мамандарға қойылатын талаптар және жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берілді. Аталған бастама университет пен мемлекеттік орган арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті жастардың кәсіби қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.