Ерікті жастар - ел ертеңінің жаршысы

Бүгін «Құзыреттілік орталығында» «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE – 2026» халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды.

Іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов қатысып, еріктілер қозғалысының қоғам дамуындағы маңызына, азаматтық белсенділікті арттыру мен жастардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Халықаралық апталықтың ашылу рәсіміне Қызылорда ашық университетінің студенттері де қатысып, қоғам игілігіне бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.

Аталған шара жастар арасында еріктілік мәдениетін кеңінен насихаттауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, экологиялық сананы қалыптастыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға бағытталған.

Мұндай игі бастамалар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып қана қоймай, олардың бойында жанашырлық, өзара қолдау және қоғам алдындағы жауапкершілік құндылықтарын орнықтыруға ықпал етеді.