ЕЛ ЕРКІНДІГІ – ҰРПАҚТЫҢ ТЕҢДІГІ!

    25 қазан – Республика күніне орай Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Ел еркіндігі – ұрпақтың теңдігі» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.
    Шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.
    Салтанатты жиында Қызылорда ашық университетінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Қ.А. Бисенов құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер, белсенді студенттер марапат төрінен көрінді.
    Мерекелік бағдарлама білім алушылардың өнерімен жалғасып, патриоттық әндер, ұлттық билер, күмбірлеген күйлер, тағылымды көрініс көрермен назарына ұсынылды.
    Елдік рухты асқақтатқан мерекелік жиын жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге арналды.