Ғалым еңбегі мемлекеттік деңгейде ұлықталды

  Қызылорда ашық университетінің проректоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Бақытхан Жүнайдұлы Әбдікәрімов мемлекетіміздің жоғары наградаларының бірі – «Құрмет» орденінің иегері атанды.

  Ғалымның кәсіби қызметіне көрсетілген бұл құрмет – отандық жоғары білімнің әлеуетін арттыруға, ғылыми ортаның қалыптасуына және зияткерлік ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмысының лайықты бағасы.

  Бақытхан Жүнайдұлының ғылыми ізденістері мен ұстаздық қызметі, білім беру ісіндегі тәжірибесі мен іскерлік ұстанымы өңірдің ғылыми-ағартушылық әлеуетін нығайтуда айрықша мәнге ие.

  Қызылорда ашық университетінің ұжымы Бақытхан Жүнайдұлын мемлекеттік наградасымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс, ғылыми ізденістеріне жаңашыл жетістіктер, абыройлы ғұмыр тілейді!

  Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз арта берсін!