ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ
Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауындағы айқындалған стратегиялық басымдықтар мен ел дамуының негізгі бағыттарын талқылады.
Жолдауда цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, білім сапасын арттыру және ұстаздардың кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Университет ұжымы Жолдауда белгіленген міндеттердің маңызын талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және білім беру саласын жетілдіруге бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасты.