Академиялық ұтқырлық: білім мен тәжірибе тоғысы
Қызылорда ашық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Диас Русланұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінде білім алуда. Бұл – студенттердің кәсіби әлеуетін арттыруға, білім көкжиегін кеңейтуге және өзге жоғары оқу орындарының озық тәжірибесін меңгеруге бағытталған маңызды мүмкіндік.
Білім алушы елордадағы оқу кезеңінде жаңа білім беру ортасына бейімделіп, заманауи оқыту әдістерімен танысып, болашақ мамандығына қажетті кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Диастың айтуынша, академиялық ұтқырлық – тек басқа университетте білім алу ғана емес, сонымен қатар жаңа ортамен танысып, тың тәжірибе жинақтауға, өз мүмкіндіктерін шыңдап, жаңа белестерге ұмтылуға жол ашатын ерекше кезең.
Қызылорда ашық университеті білім алушылардың академиялық дамуына, тәжірибе алмасуына және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына басымдық береді. Студенттеріміздің өзге жоғары оқу орындарында білім алып, кәсіби тұрғыдан шыңдалуы – университетіміздің білім беру кеңістігін кеңейту жолындағы маңызды қадамдарының бірі.