STUDY IN KAZAKHSTAN – ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК!

    Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттыру және шетелдік талапкерлерге еліміздің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру мақсатында «Study in Kazakhstan» бірыңғай ақпараттық платформасы ұсынылады.

    Аталған платформа шетелдік талапкерлерге Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы ақпарат алуға, білім алу мүмкіндіктерімен танысуға және болашақ академиялық бағытын айқындауға жол ашады.

    Қызылорда ашық университеті қазақстандық жоғары білімді халықаралық білім кеңістігінде ілгерілету бастамасын қолдай отырып, шетелдік талапкерлерді «Study in Kazakhstan» платформасының ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырады.

    QR-кодты сканерлеп, Қазақстанда білім алудың жаңа мүмкіндіктерімен танысыңыз! 🔗https://studyinkz.kz