Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шеберлік сағаты
Қызылорда қаласында қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлттық бояу. Мәңгілік мұра: Сахи Романов – 100 жыл» атты республикалық суретшілер симпозиумы аясында Қызылорда ашық университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының студенттері шеберлік сағаттарына қатысты.
Шығармашылық басқосу барысында студенттер кәсіби суретшілердің тәжірибесімен танысып, бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды. Шеберлік сағаттары болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.