ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ: AI BEYOND CHATGPT
Қызылорда ашық университетінде «ChatGPT-тен тыс: жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында интерактивті ғылыми-танымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Ақпараттық технологиялар бөлімі және қашықтан оқыту басқармасының мамандары Табынбаева Дильназ, Мұса Бақытжан және Есмамбетов Маханбет жүргізді.
Іс-шара барысында жасанды интеллекттің ғылыми-зерттеу, білім беру және шығармашылық салаларындағы қолдану мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушылар ғылыми ақпаратты іздеу мен талдау, инфографика және бейнематериал әзірлеу, цифрлық аватар жасау, сайт прототипін құрастыру және машиналық оқыту модельдерін әзірлеу бағыттарында практикалық жұмыстар орындады.
Семинардың ерекше бөлімі университеттің даму перспективаларына арналды. Қатысушылар өз идеяларын ұсынып, жасанды интеллект көмегімен оларды визуалды форматта бейнеледі.
Семинар заманауи цифрлық технологияларды білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне енгізудің өзектілігін айқындап, жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың маңызын көрсетті.




