АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АҚТАҢГЕРІ» – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

   Кеше ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Адал еңбектің ақтаңгері» атты ұлттық өнер фестивалі өтті.

   Тағылымы мол шараның басты мақсаты – ел дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғаның өнегелі өмір жолын ұлықтау, ұлттық өнерді дәріптеу және жас ұрпақтың бойына рухани-мәдени құндылықтарды сіңіру.

   Фестиваль аясында қатысушылар ұлттық өнердің сан алуан бағыты бойынша өнер көрсетіп, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен дәстүр сабақтастығын кеңінен насихаттады. Ән мен жыр, күй мен дәстүрлі орындаушылық өнер тоғысқан тағылымды кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

   Сонымен қатар, Бисенов әулетінің атынан арнайы жүлде қоры тағайындалып, үздік өнерпаздар түрлі номинациялар мен жүлделі орындар бойынша марапатталды.

   Еңбек адамының есімін ұлықтап, ұлттық өнердің өрісін кеңейткен фестиваль тарихи тұлғаға көрсетілген құрметтің ғана емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарға деген тағзымның жарқын көрінісіне айналды.

Фото 1