ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ – ІЗГІ ТІЛЕК!
Қызылорда ашық университетінің ұжымы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып сайланған Сақтағанова Наргүл Аманқызын арнайы құттықтап барды. Жүздесу барысында әріптестері жаңа қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығын атап өтіп, кәсіби тәжірибесі мен іскерлік қабілетіне сенім білдірді.
Университет ұжымы Наргүл Аманқызына алдағы қызметінде абырой мен табыс тілеп, ғылым мен білімнің дамуына, халықаралық байланыстардың кеңеюіне бағытталған жұмыстарына сәттілік тілейді.