СТУДЕНТТІК ШАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қызылорда ашық университетінде мерекелік салтанатты кеш өтеді!
Студенттік кезең – тың идеялар мен батыл бастамалардың, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктердің тоғысқан шағы. Осы айтулы күнде білімге құштар, жаңашылдыққа ұмтылған, университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жалынды жастардың басын қосатын ерекше мерекелік кеш ұйымдастырылады.
Мерекелік кеш – студенттік рухты асқақтатып, жастардың бірлігі мен шығармашылық әлеуетін дәріптейтін, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлайтын жарқын басқосу болмақ!
Күні: 17 қараша 2026 жыл
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Қызылорда ашық университеті, Қ. Ажарова көшесі, 34А, Акт залы.