Құрметті студенттер!

Сіздерді 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Студенттік шақ – үлкен мақсаттарға ұмтылып, келешекке нық қадам жасайтын, білім мен ізденіс қатар өрілетін ерекше кезең. Бүгінгі білімді, бастамашыл әрі талапты жастар – еліміздің ертеңгі дамуының басты тірегі.

Қызылорда ашық университетінің білім алушылары ретінде сіздердің ғылым мен білімге деген құштарлықтарыңыз, қоғамдық өмірдегі белсенділіктеріңіз бен жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш.

Осы мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас жігер, оқуда озаттық тілеймін! Әрбір бастамаларыңыз сәтті болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті студенттер!

Құрметпен,
Қызылорда ашық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор
Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов