АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қызылорда облысының әкімі М.Ергешбаевтың студент жастарға арналған лекциясы өтті.
Кездесу барысында жастардың сапалы білім алуы, кәсіби дамуы, қоғамдық өмірге белсенді араласуы және ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Атаулы күн аясында Қызылорда ашық университетінің Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасының ұсынысымен білім алудағы жетістіктері, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне қосқан үлесі үшін Жансая Қайратқызы мен Аяжан Мұхтарқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – студенттердің білімге деген ұмтылысы мен қоғамдық белсенділігінің, сондай-ақ университеттің дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы.
Білім ордамыздың абыройын асқақтатып жүрген студенттерімізді марапаттарымен және Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
ЖАСТАР ЖЕТІСТІГІ – УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙІ!