«DIAMOND SHOW»: СТУДЕНТТЕРІМІЗ ӨНЕРІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ!
Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Diamond Show» студенттік жастар балы талантты жастардың басын қосқан сән-салтанаты жарасқан ерекше кешке айналды.
Аталған шарада Қызылорда ашық университетінің студенттері белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды. Студенттеріміз әсем вальс билеп, кештің көркін қыздырса, «Popular Voice» эстрадалық және дәстүрлі ән жанры бойынша Орынбасар Торғын жеке өнер көрсетіп жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеген бұл кеш студенттеріміз үшін жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктерге толы болды.