ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда ашық университетінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Қызылорда қаласы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Нуридин Арсен Ерболұлы мен Караматов Шыңғыс Нагызханович, Облыстық жастар денсаулығы орталығының бас маманы Алмурзаева Гулдана Айтмағанбетқызы қатысты.
Кездесу барысында жастар денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар студенттерге қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ақпарат берді.