Жолдау зор ықыласпен тыңдалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Қызылорда ашық университеті ұжымы Президент жолдауын зор ықыласпен тыңдады. Жолдауда атқарылған іс пен жетістіктер айтылып, алдағы жылдың еншісіндегі міндеттерге тоқталды. Білім күніндегі бұл жолдау халыққа, жаңа оқу жылын бастаған шәкірт пен оқытушыға мол серпіліс бергені анық.
Айта кетелік, Ақордада өткен бұл жиынға Қызылорда ашық университетінің ректоры, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы қатысты.
Сан саланы қамтыған адам құндылығы, қоғамдық мәселелер, білім мен денсаулық, ұлт пен ұрпақ келешегіне қатысты келелі құжаттан әркім өзінің санасында сабылысқан сан сауалдың жауабын тапқандай.
Жолдау тыңдаған соң мамандар өз пікірімен бөлісіп, соңы талқылауымен аяқталды. Жолдаудағы тапсырылған міндеттер жүгін нәтижелі іс жеңілдетері анық.