УНИВЕРСИТЕТКЕ БІРІНШІ ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жуырда ғана АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде «Жоғары білім беруді басқарудың менеджменті» бағыты бойынша тағылымдамадан өтіп, елге оралған Жүнісов Абайбек Талғатұлы Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры лауазымына тағайындалды.

Жоғары білім беру саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаз, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абайбек Талғатұлы менеджер ретінде Сыр өңіріндегі жоғары білім саласында өзіндік ізін қалыптастырып, басқарушылық қабілетімен танылды. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін де атқарды.

«Amanat» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.

ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі және ҚР ЖОО қауымдастығының «А. Байтұрсынов атындағы Алтын медалі» иегері.