Отбасы күні құтты болсын
Қыркүйек айының екінші жексенбісі еліміз Отбасы күнін атап өтеді. Биыл, бұл күн 10 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Адам бойындағы ар-ұят, ақыл-парасат, мәдениет пен адамгершіліктің бастауы отбасынан басталады.
“Бақытты әрі берік шаңырақ - берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады” - деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ендеше, “Тәрбиелі ұл мен қыз”- деп мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Отбасы күні құтты болсын!