Ыбырай Алтынсарин туралы 10 дерек ұсынамыз
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, этнограф, ғалым, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин туралы 10 дерек ұсынамыз.
1)Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазан Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.
2) Ыбырайдың шын есімі - Ибраһим.
3) Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балқожа бидің қолында өсіп тәрбиеленеді.
4) 1864 жылы 8 қантарда Торғай жерінде алғаш мектеп ашқан.
5) Ол 1876 жылдан бастап “Қазақ хрестоматиясын” жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.
6) Ұлт ұстазының жарының аты - Айғаныс.
7) 1883 жылы Ыбырай Алтынсариннің Кеңес үкіметі тұсында көп айтыла қоймаған тағы бір кітабы басылып шықты. Ол - “Мұсылмандық тұтқасы” кітабы.
8) Ол 1887 жылы Ырғыз қаласында, тұңғыш рет қыздарға арнап мектеп ашты.
9) Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана қаласында орналасқан.
10) Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде Қостанай қаласынан үш шақырым жердегі көл жағасында салдырған ағаш үйінде өмірден өтті. Ол кезде небәрі 48 жаста еді.