Стратегиялық даму жөніндегі проректор тағайындалды

Бүгін Қызылорда ашық университетінің Стратегиялық даму жөніндегі проректоры лауазымына техника ғылымдарының кандидаты, доцент Үргенішбеков Айтмағанбет Турсынбайұлы тағайындалды.
Білім беру саласында, оның ішінде жоғары білім беру бағытында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаз 1 монография, 5 әдістемелік оқу құралы, 8 электрондық оқу-құралы және 50-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Әр жылдары жауапты қызметтер атқарған Айтмағанбет Тұрсынбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқытушы, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, тіркеуші офисінің жетекшісі, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор міндетін атқарды.
2012-2015 жылдар аралығында ұстаз- ғалым кәсіби біліктілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатымен шет елдерде, атап айтқанда Гонконг қаласында, Оңтүстік Корея Республикасында және Сингапур елдерінің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өткен.
2015-2018 жылдары «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында проректор-бірінші проректор, ректоры қызметін атқарған.

Қызылорда ашық университеті 

баспасөз қызметі