Міржақып Дулатұлы туралы 10 дерек ұсынамыз

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты»,- деп кең даласында алаңсыз малын бағып жүрген бейқам халқын оятып, оларды ілім-білімге шақырған тіл, ұлт жанашыры Міржақып Дулатұлы туралы 10 дерек ұсынамыз.
1. Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылында дүниеге келген.
2. Міржақып қазақ даласын жанындай сүйіп, оның келешегін ойлап “Оян, қазақ!” деген атпен өлеңдер жинағын жазғанда ол 25 жаста еді.
3. 1910 жылы М. Дулатұлы жазған «Бақытсыз Жамал» кітабы қазақ тілінде жазылған алғашқы роман болып есептелінеді.
4. 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетін Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы және Міржақып Дулатұлы құрған.
5. Міржақыптың көптеген әңгімелері лақап аттарымен шыққан. Ол жиі қолданып отырған лақап аттары: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.
6. 1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда Міржақып Дулатұлы пен Жүсіпбек Аймауытов осы іске басшылық жасап, бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан елге үлестірген.
7. Міржақып Дулатұлының жары – Ғайнижамал Баймұратқызы.
8. 1935 жылы қазанның 5 күні Міржақып Дулатұлы Сосновецкий лагерінінің орталық лазаретінде ауыр науқастан дүние салды.
9. Міржақып Дулатұлы туралы фильм «Міржақып. Оян, қазақ!» 2022 жылы жарық көрді.
10. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті бар.