Темірбек Жүргенов туралы 10 деректер ұсынамыз
Сырдың бойы қазақ руханиятын қалыптастырған қаншама талантты адамдардың шыққан жері. Он дерек айдарымызды ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі Темірбек Қараұлы Жүргеновке арнаймыз.
1. Темірбек Жүргенов 1898 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қазіргі Т.Жүргенов ауылында (бұрынғы Жаңаталап) дүниеге келген.
2. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. 1924 жылы Ташкентте Орталық Азия Мемлекеттік университетінде білім ала жүріп, оқу ағарту ісінің талантты ұйымдастырушысы болды. 1927 жылы Ташкентте ұйымдасқан алғашқы Қазақ педагогикалық институтының ректоры болып жұмыс істеген.
3. Т. Жүргенов мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысын қадағалады-Қазақ АССР-і Өнер ісі жөніндегі комитетті басқарады.
4. Т.Жүргенов жары – Дәметкен Жүргенова.
5. Ол 1925 жылы Ташкентте «Терме» жинағын құрастырады. Он айдың ішінде Фирдоусидің Шахнамесінің қырық мың жолын қазақшаға аударады.
6. Темірбек Жүргенов 30-жылдардың басында Қазақстанда 4000 мектеп салдырды. Алғашқы үш жылдың ішінде бір ғана Алматыда 17 жаңа мектеп ашылады.
7. Жүргеновтың ұстазы болған Сыр бойының белгілі ағартушы-ақыны Тұрмағанбет Ізтілеуұлы мен қазақ тарихындағы алғашқы орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктің авторы Досмұхаммед Букин.
8. Темірбек Жүргеновтың негізгі мамандығы заңгер. Ол араб, парсы, шағатай, өзбек, түркімен, татар, башқұрт тілдерін жетік меңгерген.
9. «Халық жауы, ұлтшыл, Кеңеске қарсы терроршы-көтерілісші» деген сияқты бірнеше айып тағып, кейін сот оны ату жазасына кесті. Үкім 1938 жылы 25 ақпанда Алматының іргесіндегі Қандысай деген жерде орындалған. Бұл кезде есіл ердің жасы небәрі 39-да еді.
10. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы Алматы қаласында орналасқан.
2023 жыл түркі әлеміндегі Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланып, 125 жылдық аясында түрлі іс-шаралар атап өтілуде. «Темір нарком» атанған мемлекет және қоғам қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі, ұлтын шексіз сүйген Темірбектей ұлын халқы ешқашан да ұмытпақ емес.