Ұстыз күніне арналған "Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі" тақырыбында мерекелік кеш өтті

Қазан айындағы ең елеулі мерекенің бірі ұстаздар күніне арналған «Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Ұстаздар ұлылығы ұлықталған шарада Қызылорда ашық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов профессор-оқытушыларды төл мерекемен құттықтап, университтеттің осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары мен алға қойған жоспарларға тоқталды.
Мемлекеттің байлығы білімді адамдар, ал біздің университеттің байлығы сіздер – оқытушы-профессорлар, ұстаздарымыз және білім алушылар. Бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктермен қатар алда көптеген Стратегиялық жоспарлар да бар. Ашық университетінің халықаралық қауымдастығына кіру, магистратура білім беру бағдарламасын ашу, Ғылыми орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми, академиялық жұмыстар жүргізіп, дамыту, рейтингі жоғары Халықаралық ғылыми журналдарда оқытушы-профессорларымыздың жарияланымдарын арттыру, тағы басқа көптеген ауқымды жұмыстар күтіп тұр,-деді Қылышбай Алдабергенұлы.
Мерекелік кеш барысында әріптестеріміз марапат төрінен көрінді. Кеш соңы белсенді студенттердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.