Меморандумға қол қойылды
Қызылорда ашық университеті мен “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ арасында ғылыми саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде серіктес университеттер бірлескен ғылыми қызметтің негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және бірлескен ғылыми жарияланымдар жариялау болып табылады.
Бұл ынтымақтастық алдағы уақытта Қызылорда ашық университетінде «Экономика» бағытында магистратура ашумен тығыз байланысты. Тараптар ғылымның маңыздылығын, ғылыми зерттеулер мен оның нәтижелерін жүргізудің байыптылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, профессор-оқытушылық құрам мен болашақ магистранттардың жүргізетін зерттеулерінің сапасы мен тереңдігін арттыруға жол ашарына сенім білдіруде.
Айта кетейік, “Экономикалық зерттеулер институты” Қазақстанның экономикасын кешенді дамыту мәселелерін зерттейтін жетекші мемлекеттік институт болып табылады. Ғылыми қоғамдастық мемлекетімізде де, шет елдермен серіктестік аясы кең орталық болып табылады.
Қос тараптың қол қою рәсіміне «Экономикалық зерттеулер институтының» басқарма төрағасының орынбасары Бейсенғазин Қуаныш Сайлаубекұлы мен Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы қатысты.