Қызылорда ашық университетінің аппарат жетекшісі Аханова Роза Минельбековна.
Қызылорда ашық университетінің аппарат жетекшісі Аханова Роза Минельбековна.
Еңбек жолын кадрлар бөлімінің инспекторы болып бастап, 17 жыл Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтында кадрлар бөлімінің инспекторы, оқу-әдістемелік бөлімнің, сырттай оқу факультетінің әдіскері, практика жетекшісі, кеңсе меңгерушісі 1997-2016 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кадрлар бөлімінің бастығы және аппарат жетекшісі болып қызмет атқарған.
Сонымен қатар, Роза Аханова құқықтық пәндер бойынша оқытушылық қызмет жасаған.
ЖОО-ның кадрлық саясатын қалыптастыру, персоналдарды іріктеу, қызметтік және лауазымдық атқаратын міндеттерді әзірлеу (типтік негізде) жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып келеді. Сонымен қоса, қызметкерлердің еңбек заңнамалығы мәселелері бойынша кеңес береді, еңбек келісімшарттарын әзірлеп, жұмыс жасауды ұйымдастырады.
Біліктілігін арттыру мақсатында еліміздің әр облысында және шет елдерде өткен курстар мен семинарларға қатысып кәсіби біліктілігін үнемі жоғарылатып келеді.
Атқарған қызметі мен жасаған жұмыстары еленіп, ҚР БҒМ “Құрмет грамотасымен”, Қызылорда облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Қызылорда қаласына 200 жыл медалімен», және «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» медалімен және “Жыл маманы-2013” номинациясымен марапатталған.