Халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Қызылорда ашық университеті мен Польша мемлекетінің Быдгощ университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
Тараптар білім беру, ғылыми және иновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды мақсат етіп отыр.
Ынтымақтастық аясында білім алушыларды даярлау шеңберінде ғылыми орталықтар, зертханалар базасында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми тағыламдамаларды өткізу бағыттары қамтылған.
Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық, бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары, кәсіптік білімді іске асыру және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағыттар бойынша бірлескен қызмет атқарады. Жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер, пәнаралық зерттеулер және әзірлемелерді бірге жүзеге асыру жоспарланған.
Тараптар арасындағы серіктестік бағыттарының бірі студенттер, магистранттар, докторанттардың теориялық және практикалық білімді тереңдету үшін тәжірибеден өтуін ұйымдастыру болып табылады.
Келісім шарт мерзімі шектелмеген уақытқа жасалған. Бұл жас ғалымдар мен оқытушылар, сонымен қатар білім алушылар үшін үлкен мүмкіндік ашатын болады.