Әлихан Бөкейханов туралы 10 дерек ұсынамыз.

    Халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының көрнекті ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген.
    Әкесі оны Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың оқуына берді. Бірақ кішкентай Әлихан молданың оқуына қанағаттанбай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке өз қалауымен ауысады. Оны бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте жеті жыл оқыған.
    1886 жылы Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищеде, одан кейін Санкт-Петербург қаласындағы Орман институтының экономика факультетінде білім алды.
   1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
    1913 жылы Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовпен бірігіп тұңғыш жалпыұлттық редакция ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырады.
 Ә.Бөкейханов 1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сьездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.
     Әлихан Бөкейханұлының қазақ тілді баспасөз бетіндегі бүркеншік есімі «Қыр баласымен» ғана шектелмейді. Қазақ тілді басылымдарда жоғарыда аталған есіммен қатар, «Ғалихан», «Ғ.Б.» немесе «Ә.Б.», «Ә. Н.», «Арыс ұлы», «Түрік баласы», «Қалмақбай» және «V».
     Ә.Бөкейханов жары – Елена Яковлевамен 1901 жылы отбасын құрады. Әлихан мен Еленаның бір ұл, бір қызы болады.
    1937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханов жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесіледі. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды.
     Әлихан Бөкейханов атындағы университет (ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY) Семей қаласында орналасқан.